Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 11/8 «2022-2024 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 11/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №163165 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 25 554,4 мың теңге:

салықтық түсімдер – 2 114 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 267 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 23 173,4 мың теңге;

2) шығындар – 26 206,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 651,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 651,9 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –651,9 мың теңге.»;

мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:

«6-2. 2022 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі әкімінің 2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округтің бюджеті туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы шешімімен айқындалады;»;

мынадай мазмұндағы 6-3-тармақпен толықтырылсын:

«6-3. 2022 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер ескерілсін.

Облыстық бюджеттен көрсетілген нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі әкімінің 2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округтің бюджеті туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы шешімімен айқындалады.»;

мынадай мазмұндағы 6-4-тармақпен толықтырылсын:

«6-4. 2022 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер ескерілсін.

Облыстық бюджеттен көрсетілген нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі әкімінің 2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округтің бюджеті туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы шешімімен айқындалады.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 

22.11.2022
Қаралым саны: 213
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz