Сыбайлас жемқорлықтың қарсы әрекеті

«Өзiңнен баста»

Жыл сайынғы «Өзiңнен баста» акциясы аясында өз кiрiстерiм мен меншiк құқығындағы мүлiктерiм туралы мәлiметтердi жария етемiн.

2019 жылы менiң еңбекақым 2 млн. 549 мың 698 теңгенi (есептелген) және 2 млн. 183 мың 031 теңгенi (төлеуге) құрады.

Меншiк құқығындағы мүлiк:

  • Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы, Сәбит Мұқанов көшесi
  • MITSUBISHI OUTLANDER автокөлiгi
  • Toyota Camry автокөлiгi

Дүйсенбин Ж.Қ.
СҚО Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округiнiң әкiмi

2019 жылғы 19 тамызда Мирный ауылдық округi әкiмiнiң аппараты «Қызылжар адалдық аланы» жобалық кеңсесi аясында iс-шара өткiздi.

«Қызылжар адалдық аланы»

Өз үлесіңді қос!

2018 жылы 24 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстанда «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өз есігін айқара ашты. Миссиясы — тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады.

Жоба үш саланы қамтиды: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау; қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Аталған салалар бірқатар бағыттарды қарастырады. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдайлар жасау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: білім беру; денсаулық сақтау; әлеуметтік қамсыздандыру; сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары; Мемлекеттік кіріс органдары; сот және құқық қорғау органдары; Бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі.

Жобалық кеңсе – кешенді талдау негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға бағытталған мемлекеттік органдарды «Қайта жүктейді».

Осыған байланысты, Солтүстік Қазақстан облысының бей-жай емес және жауапты азаматтарын мемлекеттік органдарды трансформациялауына қатысуға шақырамыз.

Ұсынымдарды, проблемалық мәселелерді және кеңестерді sqoalaldyk@gmail.com поштаға жіберулеріңізді немесе 8 (7152) 46-06-81, 46-58-89 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Өз үлесіңді қос!

«Солтүстiк Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көленкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 19 сәуiрдегi №2/2 шешiмiне өзгерiс енгiзу туралы

Мақаланы құрған күні 02.03.2018 10:12

Мақаланы жаңартқан күні 29.06.2020 10:46

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz