Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 58/4 «2021-2023 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 58/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7039 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 42 183,5 мың теңге:

салықтық түсімдер – 2 281 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 39 902,5 мың теңге;

2) шығындар – 42 545,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -362,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 362,2 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 362,2 мың теңге.»;

6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. 2021 жылға арналған ауылдық округінің бюджетінде облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер ескерілсін:

1) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Петровка ауылындағы көшелерді жарықтандыруға;

2) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Рождественка ауылындағы көшелерді жарықтандыруға;

3) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Мирный ауылындағы көшелерді жарықтандыруға;

4) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирное ауылында қосымша шырағдандарды құрумен бірге, доғалық сынапты шамының шырағдандарын жарықдиодты шамдарға ауыстыруға;

5) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Айымджан ауылында қосымша шырағдандарды құрумен бірге, доғалық сынапты шамының шырағдандарын жарықдиодты шамдарға ауыстыруға;

7-тармақ мынадай мазмұндағы 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:

6) бейнебақылау жүйелерін орнату бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;

7) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің елді мекендерін сумен жабдықтауды ұйымдастыруға.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

ТАӘ

20.10.2021
Қаралым саны: 555
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz