Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсан № 11/8 «2022-2024 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округiнiң бюджетiн бекiту туралы» шешiмiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТI:

1. Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округiнiң бюджетiн бекiту туралы» 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 11/8 шешiмiне (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегi эталондық бақылау банкiнде № 163165 жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округiнiң бюджетi көрсетiлген шешiмге тиiсiнше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер –24 873 мың теңге:

салықтық түсiмдер — 2 261 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер — 120 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер — 0 теңге;

трансферттер түсiмi — 22 492 мың теңге;

2) шығындар — 25 524,9 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу — 0 теңге:

бюджеттiк кредиттер — 0 теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу — 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо — 0 теңге:

қаржы активтерiн сатып алу — 0 теңге;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер — 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицитi) — -651,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) — 651,9 мың теңге:

қарыздар түсiмi — 0 теңге;

қарыздарды өтеу– 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары — 651,9 мың теңге.

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Ауылдық округ бюджеттiң шығыстары 2022 жылғы 1 қаңтарда қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары және 2021 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) облыстық және аудандық бюджеттердiң нысаналы трансферттерiн қайтару есебiнен осы шешiмнiң 4-қосымшасына сәйкес қарастырылсын.»;

көрсетiлген шешiмнiң 1-қосымшасы осы шешiмнiң 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы шешiмнiң 2-қосымшасына сәйкес шешiм 4-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы шешiм 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

29.03.2022
Қаралым саны: 296
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz