Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 11/8 «2022-2024 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихатының шешiм жобасына баспасөз-хабарламасы

Осы нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодекстiң 106, 109 бабтарына және 111 бабтың 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына негiзделген болып келедi.

Мәслихаттың осы шешiмiн қабылдаудың мақсаты — мемлекеттiк органдардың және ведомствоға қарасты олардың мекемелерiнiң мiндеттерiн жүзеге асыру, ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасын орындалуын қаржылай қамтамасыз ету.

Ауылдық округ бюджетін нақтылау көздері: бюджеттің кіріс бөлігін түзету, бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарлы қаражатты қайта бөлу, облыстық, аудандық бюджеттерден қосымша нысаналы трансферттер және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттер болып табылады.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған. 

Әкім Р.Сыздықов

 

22.11.2022
Қаралым саны: 200
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz