«2021-2023 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округiнiң бюджетiн бекiту туралы» шешiм жобасына баспасөз хабарламасы

Осы нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiгiнiң негiздемесi Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 9-1-бабының 2-тармағы, 75-бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешiмiн қабылдаудың мақсаты — мемлекеттiк органдардың және олардың ведомствоға қарасты мемемелердiң мiндеттерiн, ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудi жүзеге асыру.

2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеттiң кiрiстерi Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң ережелерiн ескере отырып, Орта мерзiмдi кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткiштердiң болжамды параметрлерiн негiзге ала отырып есептелген, 2018-2019 жылдарға есептелген және төленген салық сомалары, 2020 жылды бағалау ескерiлген.

2021 жылға арналған ауылдық округiнiң бюджетке түсiмдердiң болжамды көлемi 2 281 мың теңге, 2022 жылға — 2 381 мың теңге, 2023 жылға — 2 563 мың теңге сомасында белгiлендi.

2021 жылға аудандық бюджеттен 12 168 мың теңге, 2022 жылға — 13 140 мың теңге, 2023 жылға — 14 195 мың теңге сомасында субвенция түсiмi жоспарланып отыр.

2021 жылға арналған трансферттердi есепке алғанда ауылдық округi бюджетiнiң жалпы көлемi 32 234 мың теңгенi, 2022 жылға 15 521 мың теңгенi, 2023 жылға 16 758 мың теңгенi құрайды.

Нормативтiк құқықтық актi жобасын қабылдау өзiне жағымсыз әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды тартпайды.

Шешiм жобасы НҚА ашу бөлiмшесiндегi «Электрондық Үкiмет» порталына орналастырылған.

Мирный ауылдық округi әкiмi
мiндеттi атқарушы Қ.Сансызбаев

06.01.2021
Қаралым саны: 422
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz