«Жамбыл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 6 қантардағы № 44/5 «2020-2022 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жобасына баспасөз - хабарламасы

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодекстің 106, 109-1 бабтарына және 111-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына негізделген болып келеді.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты — мемлекеттік органдардың және ведомствоға қарасты олардың мекемелерінің міндеттерін жүзеге асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын орындалуын қаржылай қамтамасыз ету.

Мирный ауылдық округі бюджеттің нақтылау көздері:

Бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарлы қаржыны қайта бөлу, аудандық және облыстық бюджеттерден берілетін нысаналы трансферттер есебінен шығыстарды ұлғайту, бөлігін нақтылау және түзету.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкелмейді.

Шешім жобасы ашық НҚА бөлігіндегі «Электрондық Үкімет» парталына орналастырылды.

Мирный ауылдық округі әкімі м.а. К. Сансызбаев

09.12.2020
Қаралым саны: 519
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz