«2023–2025 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешім жобасына баспасөз хабарламасы

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9–1–бабының 2–тармағы, 75–бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6–бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты – мемлекеттік органдардың және олардың ведомствоға қарасты мемемелердің міндеттерін, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

2023–2025 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып, Орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлерін негізге ала отырып есептелген, 2018–2019 жылдарға есептелген және төленген салық сомалары, 2020 жылды бағалау ескерілген.

2023 жылға арналған аулыдық округінің бюджетке түсімдердің болжамды көлемі 4 000 мың теңге, 2024 жылға – 4 280 мың теңге, 2025 жылға – 4 580 мың теңге сомасында белгіленді.

2023 жылға аудандық бюджеттен 23 047 мың теңге, 2024 жылға – 24 361 мың теңге, 2025 жылға – 25 750 мың теңге сомасында субвенция түсімі жоспарланып отыр.

2023 жылға арналған трансферттерді есепке алғанда ауылдық округі бюджетінің жалпы көлемі 27 047 мың теңгені, 2024 жылға 28 641 мың теңгені, 2025 жылға 30 330 мың теңгені құрайды.

Нормативтік құқықтық акті жобасын қабылдау өзіне жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды тартпайды.

Шешім жобасы НҚА ашу бөлімшесіндегі «Электрондық Үкімет» порталына орналастырылған.

Ауылдық округ әкімі Р.Сыздықов

 

 

29.12.2022
Қаралым саны: 183
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиegovruh.kz