Осы нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттiк кодекстiң 106, 109-1 бабтарына және 111-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 26 бабына негiзделген болып келедi.
Мәслихаттың осы шешiмiн қабылдаудың мақсаты — мемлекеттiк органның мiндеттерiн iске асыру, ауылдық округтiң әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.
Мирный ауылдық округi бюджеттiң нақтылау көздерi:
Аудандық және облыстық бюджеттерден берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер есебiнен бюджеттiң шығыс бөлiгiн ұлғайту және азайту, жоспарлы қаражатты қайта бөлу.
Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын қабылдау терiс әлеуметтiк-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкелмейдi.
Шешiм жобасы ашық НҚА бөлiгiндегi «Электрондық Үкiмет» парталына орналастырылды.
Мирный ауылдық округi әкiмi В.Сичков
Қаралым саны: 288